
14.06.22 күні “Гимназиямыздың түлегі - еліміздің болашағы” атты 9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Бүгінгі мектепті бітіруші 9-сынып оқушылары үшін ерекше күн, өмірдің бір маңызды баспалдағы. Барлық түлектерге аттестат тапсырылып, рәсім соңында түлектер ата-аналары мен ұстаздарына арнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Жақсы біліммен, тағылымды тәрбиемен өскен ұл - қыздарымыз Отанымыздың қазынасы, елдің ертеңгі елеулі тірегі. Келешектеріңіз жарқын да нұрлы болсын, Тәуелсіз елдің байрағын биік ұстар ұрпақтар, жас түлектер!