

21.09.22ж. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Қазіргі таңда Қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет. Мемілекетіміздің тәуелсіздгін баянды етуге, қуаттын артыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздар екенімізді мектеп қабырғасынан оқушыларға жеткізе білуіміз керек. осы орайда оқушыларды өз Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу мақсатында “Өнерім саған, Қазақстан” атты мерекелік шара өтті. Республика күні қарсаңына ұйымдастырылған шараға өнерлі оқушыларымыз белсене қатысып, патриоттық ән-күйін ортаға паш етті.