01
апрель
2023
2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау

Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, 6 жастағы балалар қабылданады, сонымен қатар 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толған балалар да 1-сыныпқа бара алады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• 3*4 фотосурет – 2 дана;
• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат.
Показать перевод