"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясы » Гимназия №39
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№39 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясы
11
сентябрь
2023

"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" акциясы

         Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы біздің гимназиямызда да бастау алды. Биыл дәстүр бойынша акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі «Мектепке жол – «Жақсылықты жаса» ұранымен іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда «Даулет-Центр» медициналық орталығы 135000теңгеге мектеп формасымен, «Планета одежды» магазині 87640 теңгеге мектеп формасымен, «AMANAT» партиясы оқу-құралдарымен көмек көрсетіп акцияға өз үлестерін қосты. Гимназия қызметкерлерінің басын біріктіретін тек қана жұмыс немесе ұжымдық қарым-қатынас қана емес, қайырымдылық пен ізгілік амалдары. Осы уақытқа дейін гимназия ұжымы  қайырымдылық шараларынан шетте қалған емес.  Гимназия медбикесі Станова А, гимназия ұстаздары Сапарова Н, Омарова Р, Иманбердиева Д, Мукашева К, Қадығұлова С, МИФ бірлестігі мен тарих кафедрасы ұстаздары және гимназия ата-аналары еректі түрде өз тарапынан көмек көрсетті.Ұстаздарға, ата-аналарымыз бен демеушілерімізге игі шараның ұйтқысы болып, оқушыларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз.
        «Жаңбырменен жер көгерер, алғыспенен ел көгерер» демекші, дүниеде ел алғысына бөленуден артық сый жоқ! Жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсетіп жүрген жомарт жандар қатары көбейе берсе екен дейміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив