"Қиындықты бірлессе жеңіл дейді" » Гимназия №39
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№39 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қиындықты бірлессе жеңіл дейді"
11
сентябрь
2020

"Қиындықты бірлессе жеңіл дейді"

Қай кезде де қоғамда қамқорлыққа зәру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы болған. Жетімін жылатпаған киелі қазақтың қанында қамқор болу қасиеті ежелден бар. Бүгінгідей ел басына ауыртпалық түсіп, сын сағаты келгенде де жанашыр жандар үнсіз қала алмады. "Қиындықты бірлессе жеңілдейді" дегендей бұл ауыртпалықты да қоғамымыз көп болып көтере алды. Қандай жағдай болса да бүлдіршінге білім беру ісі тоқтамақ емес. Сол мақсатта көмекке зәру отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіліп,  жанашырлық танытылды. "Көп көмегі көл болар" дегендей көптеп қолға алған іс өз нәтижесін берді. Атап айтсақ, жыл бойына жалғасын тапқан республикалық "Мектепке жол" акциясы өткізілуде. Акция аясында өз көмегін аямай, қамқорлық көрсеткен Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қани Жанат Мелісұлына, сонымен қатар, Боралдай кенті әкімі Қоңырбаев Данияр Төлеуханұлына алғысымызды білдіреміз! Жыл бойы акцияға белсене қатысып, өз көмектерін аямайтын гимназия ұжымы ұстаздарының белсенліліген де айта кеткеніміз жөн. "Ұстаз білім беруші ғана емес, Ұстаз - ана" екенін гимназия ұстаздары тағы да дәлелдеп берді. Өз сыныбындағы оқушыларға деген қамқорлығын, жан жылуын төмендегі ұстаздар көрсете білді: 2"д" сынып жетекшісі Ж.Танасова, 3"а" сынып жетекшісі А.Көшербаева, 4"б" сынып жетекшісі Б.Сабитова, 4 "г" сынып жетекшісі А.Азимбекова, 7"д" сынып жетекшісі Н.Нугуманова, 8 "ә" сынып жетекшісі Г.Умирзакова. Сонымен бірге, сынып жетекшілерімен бірге акцияға белсене ат салысып, өз көмектерін көрсеткен гимназия ата-аналарына да алғысымыз шексіз.  
    Бала қуанышы - бәріміздің бақытымыз.
    Қамқор  болу - қайырымдының ғана қағидасы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив