23
январь
2023
🔹ҰЛ БАЛА-ҰЛТ ҚОРҒАНЫ
Гимназия қабырғасында ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары арасында "Ұл бала - ұлт қорғаны" атты ұлдар жиналысы өтті. Жиналысқа ЖПҚ ЮП инспекторы, поиция капитаны М.Ахметов, АӘтД ұйымдастырушысы Н.Баталов, ДТІЖО Н.Н.Бөбетаев, мектеп психологы Ф.И.Досанова қатысты. Арнайы қонағымыз ЖПҚ ЮП инспекторы, поиция капитаны М.Ахметов тақырып аясында түсіндірме жұмысын жүргізсе, ДТІЖО Н.Н.Бөбетаев балалардың сабаққа қатысуы, мектеп формасы, сабаққа кешігу, ұлдардың сабақ уақытындағы, сабақтан тыс уақыттағы тәртібі, мектеп мүлкін ұстау тәртібі жөнінде ортаға салды.
Показать перевод
Все реакции:55