
06.03.2023ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің “Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры” атты онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, тәлімгер Мұсаева Бибігүл және жас маманы Әбдірахмен Нұрайдың ұйымдастыруымен “Ал, қанеки, қыздар!” байқауы өтті. Байқауға әр бірлестіктен бір мұғалімнен қатысты. Шара барысында ұстаздарымыздың біліктілігінен бөлек тапқырлығы мен шеберлігі әрі жылдамдығы бағаланды. 5 кезең бойынша жоғары ұпай жинаған қатысушылар жүлделі орындармен, номинациялармен марапатталды. Байқау көңілді атмосферада, жоғары деңгейде өтті.