01
август
2024
"Мектепке жол" акциясы

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” Республикалық акциясы басталды.
🔰«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
🔰Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда, атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
🔰Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Науқанға кез-келген адам қатыса алады: барлық азаматтар, еріктілер, бизнесмендер, кәсіпкерлер, меценаттар және т.б.
☎️Байланыс телефоны 87473879230