06
декабрь
2022
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ🏆
ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды “Балалар жылы” атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату мақсатында өткен “ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ” атты республикалық форумына гимназиямыздың белсенді оқушысы Сакийдулла Алмат қатысып, І дәрежелі дипломымен жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтіп, Алмат арнайы куәлік және төсбелгі иеленді. Жеңімпазымызды гимназия ұжымы атынан құттықтаймыз!
Және де оқушымыздың ата-анасы, гимназиямыздың білікті де білімді ұстазы Берденова Айгуль Мийрхановнаға және жетекші ұстазы Әбдірахман Нұрай Аюбқызына алғыс білдіреміз!
Показать перевод
Все реакции:2020