“Ас - адамның арқауы”. » Гимназия №39
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы білім бөлімінің
"№39 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ас - адамның арқауы”.
07
ноябрь
2022

“Ас - адамның арқауы”.

          «Дені саудың- жаны сау» демекші, адам бойына керекті дәрумендер дұрыс тамақтану арқылы берілетіні анық. Сол себепті адамдар күнделікті тұрақты уақытымен тамақтанғаны дұрыс. Тамақтану арқылы адам ағзаға қажетті дәрумендерді алады. Осының нәтижесінде адамдардың дені сау болмақ. Осындай келешекке дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелеп отырған №39 гимназиясы өз оқушыларын тұрақты сапалы түрде ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен бүгінде мектепте әр сынып оқушыларының ата- аналарының өтініші жинастырылып,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын басшылыққа ала отырып және аудандық білім бөлімінің 2022 жылдың 2 қыркүйек 390/1 бн-қ бұйрығы негізінде мектепшілік №18 бұйрығымен 349 оқушының тізімі бекітілді. Сонымен қатар арендатор есебінен 20 оқушы тегін ыстық тамақпен тамақтануда. Әр сынып өз кезектері бойынша тұрақты түрде тамаққа барады.
            Гимназия асханасында санитарлық талаптар сақталған, ыдыстары таза, тағамдары дәмді дайындалады. Оқушыларға асхана ас мәзірі ұнайды. Балаларды дұрыс, тұрақты тамақтандырудағы басты мақсат дені сау, саналы ұрпақ болып өсулеріне үлес қосу. Бала қарны аш болса оқу барысында білім алуларына кедергісін тигізері анық. Сол себепті оқушының сабақ арасында тамақтануы өте дұрыс. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін сала мамандаpы да жиі айтып жүp. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған. Осының нәтижесінде дені сау және әр түрлі ауруға шалдыққан адамның тиімді тамақтануын, дұрыс тамақтанудың ғылыми негіздерін зерттеу және оны ұйымдастыру әдістерімен айна­лысатын диетология ғылымы (грек diata – өмір сүру салты, тамақтану тәртібі, logos – ілім) қалыптасқан. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады. Сондықтанда мектептерде оқушыларды тамақтандыру дұрыс жолға қойылған. Әр балаға адам өміріне тағамның маңызды екенін түсіндіре отырып, тұрақты уақытылы тамақтану қажеттілігін әдетке айналдыруға үйретуде.

Похожие публикации:

27 сентябрь 2022 Тамақтандыру
04 август 2022 Мектепке жол
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив