01
сентябрь
2023
Тасымал туралы ақпарат
2023-2024 оқу жылында оқушылардың тасымалдануы ЖК «Мүбәрәк» келісім шарт негізінде шыққан гимназияның бұйрықтары жасалынды. Келісім шарт негізінде Сахалиннен-Черемушкиден 52 оқушы, Әскери қалашық, «Надежда» саяжайынан 13 оқушы, барлығы 65 оқушы тасымалданды. Тасымалдауға Сахалин, Черемушкиден ПАЗ 32054 (958WEY05) маркалы автобусы бөлінді, жүргізушісі Мүбәрәк Нұржан және Әскери қалашықтан TOYOTA COASTER (327LAZ05) маркалы автобусы бөлінген, жүргізушісі Аймаутов Ерик Аймауытович. Автобустың жүру кестесі, жүру сызбасы тиісті орындармен бекітілген, жауапты әкімшілік жүйесі тағайындалған. Оқушылардың тасымалдануы күніне үш мезгіл (сағат 7.20, 13.10, 18.20) кезекшілік тарапынан қадағаланып, жүргізушінің қолы расталып қойғызылады. 2022-2023 оқу жылы оқушылардың тасымалдануы «қанағаттанарлық» деуге болады.