04
август
2024
Қала сыртындағы сауықтыру лагерьі

Оқушылар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі - жаз және жазғы демалыс. Бұл балалардың дамуына, тәрбиесіне, денсаулығына өте маңызды рөл атқарады. Барлық ата-аналар бұл уақытты балаға қызықты және қаланың шуынан тыс жерде өткізуді қалайды.
Лагерьде демалу тек қарапайым жазғы демалыс емес, ол баланың өсіп-өркендеуі үшін маңызды қадам болып табылады. Лагерь - балаға тәуелсіз және жауапты болуға көмектесетін қандайда да бір еркіндік берудің керемет мүмкіндігі. Лагерьде бала қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, командамен жұмыс істеп үйренуге, достар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік алады.
Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады.